
Самар ауданының жаңа прокуроры болып Әділет Қуандықов тағайындалды.
Бүгін аудандық прокуратура ұжымына жаңа басшыны Шығыс Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары Мейрам Таутенов ресми түрде таныстырды.
Салтанатты жиында сөз алған Мейрам Таутенов Әділет Қуандықовтың кандидатурасы оның көпжылдық кәсіби тәжірибесі мен жоғары біліктілігі, сондай-ақ заңдылық пен әділдік қағидаттарына адалдығы ескеріліп бекітілгенін атап өтті. Ол жаңа прокурордың ауданда прокуратура органдарына жүктелген маңызды міндеттерді табысты жүзеге асыратынына сенім білдірді.