Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов Самар ауылының №1 мектебінде жоғарғы сынып оқушыларымен, жас ұстаздармен және белсенді жастармен кездесті

Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов Самар ауылының №1 мектебінде жоғарғы сынып оқушыларымен, жас ұстаздармен және белсенді жастармен кездесті

Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов Самар ауылының №1 мектебінде жоғарғы сынып оқушыларымен, жас ұстаздармен және белсенді жастармен кездесті.
Кездесу барысында жастар өздерін толғандырған абаттандыру, білім сапасы, бос уақытты тиімді ұйымдастыру, кәсіби бағдар және тұрғын үй мәселелері жөнінде сұрақтар қойды.
Әкім атап өткендей, бүгінде ауданда 2,5 мыңнан астам жас өмір сүреді. Мемлекеттік қолдау шараларының аясында биылдың өзінде шамамен 40 жас гранттар мен жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін иеленген. Жастардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Серік Жеңісұлы сондай-ақ алдағы уақытта Самарға 100 жыл көшесінде жаңа тротуарлар пайда болатынын хабарлады.
Кездесу соңында аудан әкімі жастардың белсенді азаматтық ұстанымының маңыздылығын атап өтіп, оларды еңбексүйгіштік пен отансүйгіштікке шақырды:
«Ауданымыздың болашағы – сіздердің қолдарыңызда. Егер туған жерді сүйіп, халық үшін аянбай еңбек етсеңіздер, бірге Самарды мықты, көрікті әрі өркендеген өңірге айналдырамыз».