
Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов аппараттық кеңес өткізді. Күн тәртібінде ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту, коммуналдық қызметтердің жұмысы және жер қатынастарына қатысты мәселелер қаралды. Қысқы мал азығын дайындау, жолдардың қыс мезгіліндегі күтімі және жер учаскелерін пайдалану жайы талқыланды.
Әр мәселе жеке қаралып, тиісті басшыларға нақты тапсырмалар берілді. Әсіресе жер мәселесіне баса назар аударылды. Әкім атап өткендей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, бос жатқан жерлер мемлекетке қайтарылуы тиіс.
Сонымен қатар аудан әкімі бюджет қаржысын тиімді әрі мақсатты жұмсаудың маңыздылығын еске салды.
— Біз талқылаған әрбір мәселе тұрғындардың өміріне тікелей әсер етеді. Сондықтан қабылданған шешімдердің уақытылы әрі толық орындалуы өте маңызды, — деді Серік Жеңісов.