Самар ауданында мәдени саясат пен әлеуметтік осал топтарды қолдау мәселелері талқыланды

Самар ауданында мәдени саясат пен әлеуметтік осал топтарды қолдау мәселелері талқыланды

Самар ауданында мәдени саясат пен әлеуметтік осал топтарды қолдау мәселелері талқыланды

Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов аудандық әкімдіктің кезекті отырысын өткізді. Негізгі талқыланған тақырыптар қатарында 2023-2029 жылдарға арналған Қазақстанның мәдени саясатының ұзақ мерзімді концепциясын жүзеге асыру және әлеуметтік осал топтарды қолдау мәселелері болды. Аудандық ішкі саясат, мәдениет және спорт, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары, ауылдық округтердің әкімдері баяндамаларын ұсынды.

Серік Жеңісов жаз, әсіресе қыс мезгілінде әр ауылдық округте тұрғындар үшін ойын-сауық шараларын ұйымдастыруды тапсырды. Сондай-ақ ол егде жастағы азаматтарға ерекше назар аудару қажеттілігін атап өтті. Әлеуметтік қорғау бөліміне спорт, мәдениет бөлімдерімен және ардагерлер кеңесімен бірлесіп, зейнеткерлерді аудан өміріне белсенді қатыстыру үшін әлеуметтік бейімдеу механизмдерін әзірлеуді тапсырды.

— Біз өз клубтарымызды тіпті алтынмен қаптай аламыз. Бірақ егер олар халыққа қызмет етпесе, бұл мемлекет қаражатын бекер жұмсау саналады. Сондықтан біз  тұрғындар үшін демалыс пен мәдени-көпшілік іс-шараларын ұйымдастыруымыз керек, — деді Серік Жеңісов.

Сонымен қатар отырыс барысында Айдархан Садықов Самар ауданы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды. Ол 2023 жылға дейін Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.