Түркістан облысынан үміткерлер делегациясы Шығыс Қазақстанда!

Түркістан облысынан үміткерлер делегациясы Шығыс Қазақстанда!

 

2025 жылғы 11 шілдеде Еңбек күші артық өңірлерден еңбек күші тапшы өңірлерге көшу бойынша мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында Түркістан облысынан 54 адамнан тұратын делегация Шығыс Қазақстан облысына келді.

12-13 шілде күндері делегация Самар, Үлкен Нарын, Марқакөл, Күршім, Тарбағатай, Зайсан және Катонқарағай аудандарындағы тұрмыс жағдайымен, инфрақұрылыммен, тұрғын үймен және бос жұмыс орындарымен танысады.

🔹 Аудан әкімдіктерімен және жұмыс берушілермен кездесулер
🔹 Бос жұмыс орындары жәрмеңкелері
🔹 Әлеуметтік нысандарды аралау
🔹 Ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өткізіледі

Мақсат – үміткерлерге өңір туралы жан-жақты ақпарат беру, оң имидж қалыптастыру және көшу туралы саналы шешім қабылдауына ықпал ету.

Іс-шара ұйымдастырушылары – ШҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Еңбек мобильділігі орталығы.