29 маусымда “Көкпекті-Самар-Ұлан” бағыты бойынша республикалық “Батыр бабалар жолымен” ғылыми-танымдық экспедициясы басталды.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Қанат Еңсеновтің жетекшілігімен өтетін экспедицияның мақсаты - тарихи мұраны зерделеп, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру.
Аталған шара Абай және Шығыс Қазақстан облыстары әкімдіктерінің Мәденмет басқармаларының қолдауымен ұйымдастырылуда.
Экспедиция аясында Самар ауданында бірқатар тарихи-танымдық іс-шара өткізу жоспарланған. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат төрағасы мен депутатар, ардагерлер ұйымының мүшелері, ұстаздар мен өлкетанушылар, кәсіпкерлер атсалысады.