Меню

Страницы

Статья

Өңірлік кадр резерві

Шығыс Қазақстан облысының кадрлық комиссиясы Шығыс Қазақстан облысының өңірлік резервіне іріктеудің басталғанын хабарлайды.

Өңірлік резервке алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:

  • Қазақстан Республикасының азаматтылығы;
  • құжаттарды тапсыру сәтінде жасы отыз бес жастан аспаған;
  • жоғары білімі болуы;
  • үш жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.

Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) индустрия және өнеркәсіп;

2) экономика және қаржы;

3) әлеуметтік сала;

4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;

5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары

Құжаттарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 1-31 наурыз аралығында (қоса алғанда) өңірлік резервке іріктеу жөніндегі онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) кандидатты тіркеу арқылы жүзеге асырады. Жеке кабинетке кіру кандидаттың логині мен паролі бойынша дербес жүзеге асырылады. 

Сондай-ақ, үміткер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде ұсына алады.

Құжаттар электрондық пошта арқылы shqo@onir.pkrezerv.gov.kz немесе мына мекенжай бойынша қабылданады: Өскемен қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 4, 305, 312 кабинет.

Бұл ретте, құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде берген кандидаттар да онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) тіркеліп құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ 2024 жылғы
31 наурыздан кешіктірмей жүктейді. 

Іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі туралы ақпаратты және басқа мәліметтерді (onir.pkrezerv.gov.kz) онлайн-платформадан, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің www.qyzmet.gov.kz интернет-ресурсында , сондай-ақ Департаменттің әлеуметтік парақшаларында elgeqyzmet.shqo)  және келесі телефондар арқылы: 8 (7232) 21-67-03,  8 (7232) 76-50-21 алуға болады.

 

Дата публикации
09 февраля 2024
Дата обновления
08 февраля 2024
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРДІ АЛУ ҚАУІПСІЗДІГІ: АЗАМАТТАР НЕНІ БІЛУІ КЕРЕК?
17 октября 2026
Выборы депутатов маслихатов -2026
Бағыттар
10 июля 2026
ҚҰРЫЛТАЙ 23 ТАМЫЗ 2026 ЖЫЛ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы