Шығыс Қазақстан облысында Самар ауданы 5,5 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. 2024 жылдың 1 қаңтарына ауданның халық саны – 11 364 адамды құрады, барлығы ауыл тұрғындары. Ауданда 8 ауылдық округ, 22 елді мекен бар.
ӨНЕРКӘСІП
Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2025 жылдың ақпанға айында нақты бағада 890,3 млн. теңге құрады. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индекс көрсеткіштері 554,3% құрады. Тау-кен өнеркәсібі 8788,5 %, өңдеуші өнеркәсібі 232,9 %, азық түлік өнімдерін өндіру 223,3 % құрады.
2025 жылдың ақпан айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға 444,8 млн. теңгені құрады. Инвестициялар нақты көлемінің индекс көрсеткіштері 264,0 % жоғарылады. Тұрғын үйді енгізу өткен жылдың сәйкес кезеңіне салыстырғанда 49,7 % азайды.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.
2025 жылдың ақпан айында барлық шаруашылық санаттарында союға арналған мал мен құстың тірі салмағы 539,5 тонна (2024 жылдың сәйкес кезеңіне 102,0 %-ды) құрады.
465,1 тонна (102,8 %) - сүт өндірісі.
660,9 мың дана (101,9 %) – жұмыртқа.
2025 жылдың қаңтар-ақпанда Ірі қара мал саны 164,7 % өсті, оның ішінде сиырдың басы 157,0 % көбейді, қой мен ешкі саны 136,4 %, жылқы басы 106,6 % артты, құс басы 98,4 % құрады.
2025 жылдың қаңтар-ақпан айында орташа еңбек ақы мөлшері 329 898 теңгені құрады, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 97,8 %-ға төмендеді.
Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны 65 бірлік құрады, жұмыс істейтіндер 52.
Ең төменгі күнкөріс мөлшері Самар ауданы бойынша 2024 жылдың ақпан айында 56 525 теңгені құрады.