Шығыс Қазақстан облысында Самар ауданы 5,5 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. 2024 жылдың 1 қаңтарына ауданның халық саны – 11 364 адамды құрады, барлығы ауыл тұрғындары. Ауданда 8 ауылдық округ, 22 елді мекен бар.
ӨНЕРКӘСІП
Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2025 жылдың ақпанға айында нақты бағада 454,3 млн. теңге құрады. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индекс көрсеткіштері 427,3% құрады. Тау-кен өнеркәсібі 8506,6 %, өңдеуші өнеркәсібі 100,0 %, азық түлік өнімдерін өндіру 100,0 % құрады.
2025 жылдың қаңтар айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға 214,6 млн. теңгені құрады. Инвестициялар нақты көлемінің индекс көрсеткіштері 315,5 % жоғарылады.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.
2025 жылдың ақпан айында барлық шаруашылық санаттарында союға арналған мал мен құстың тірі салмағы 119,1 тонна (2024 жылдың сәйкес кезеңіне 103,3 %-ды) құрады.
196,9 тонна (101,2 %) - сүт өндірісі.
245,9 мың дана (76,2 %) – жұмыртқа.
2025 жылдың қаңтарда Ірі қара мал саны 157,5 % өсті, оның ішінде сиырдың басы 157,0 % көбейді, қой мен ешкі саны 119,0 %, жылқы басы 104,1 % артты, құс басы 98,4 % құрады.
2025 жылдың қаңтар айында орташа еңбек ақы мөлшері 329 898 теңгені құрады, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 97,8 %-ға төмендеді.
Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны 63 бірлік құрады, жұмыс істейтіндер 50.
Ең төменгі күнкөріс мөлшері Самар ауданы бойынша 2025 жылдың қаңтар айында 54 782 теңгені құрады.