Самар ауданы Аққала ауылдық округінің әкіміне
сайланған әкімді тіркеу туралы хабарлама
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес Самар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 10 қарашада өткен Самар ауданы Аққала ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының дауыс беру қорытындылары туралы хаттамаларының негізінде 2024 жылғы 14 қарашада Самар ауданы Аққала ауылдық округінің әкімін тіркеді:
Кәкенов Айдос Ералыұлы, 1991 жылы туған, «Құтты» шаруа қожалығы басшысының орынбасары, Самар ауданының Қойтас ауылында тұрады.
Самар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы