Облыста кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар сәтті жүзеге асырылуда. Несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдікпен қаржыландыру сияқты қаржы құралдары осы мәселелерді шешуге бағытталған. 2023 жылдың 1 тоқсанында ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары» аясында Самар ауданы бойынша «Агронесие корпорациясы» 75,5 млн. теңгеге 15 өтінімі қаржыландырды. «Іскер» бағдарламасының мақсаты ауыл шаруашылығын және кәсіпкерлікті дамыту үшін қарыз алушыларды қаржыландыру болып табылатын.
Бүгінгі таңда ауданда «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырылуда, оның мақсаты да ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлікті дамыту үшін қарыз алушыларды қаржыландыру болып табылады.