Мемлекеттік бағдарламаның негізгі мемлекеттік тілді меңгерту бағытында мемлекеттік тілді оқыту бойынша ауданда «Самар ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы» КММ тегін курстар ашылған. Өзге ұлт өкілдері мен орыс тілді мектептерде оқыған азаматтарға мемлекеттік тілді еркін меңгерту үшін мемлекет тарапынан қаражат бөлініп, олардың оқуына жағдай жасалған.
Орталық «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Республикалық «Ұлттық тестілеу орталығы» ұсынған қазақ тілін меңгерудің мемлекеттік стандарттары бойынша оқытылады.
Орталықта өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді оқып-үйренуіне барлық жағдай жасалған.
Мемлекеттік тілді оқытып-үйретудің бес деңгейлік жүйесі бар. Олар: қарапайым деңгей – А1, базалық деңгей – А2, орта деңгей – В1, ортадан жоғары деңгей – В2, жоғары деңгей – С1.
Тілдерді оқыту бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар жалғасын табады.