«Самар аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі атқарып жатқан жұмыстары туралы АҚПАРАТ

              Жыл басынан 15 жер комиссия отырысы өткізіліп, 745 өтініш қаралды. Бүгінгі күні округ тұрғындарын жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету бойынша аудандық бюджеттен 6 млн.теңге қаражат бөлінген. Атап айтқанда, халық саны көп орналасқан Аққала, Бастаушы, Құлынжон ауылдарына жалпы ауданы – 11,0 мың гектарды құрайтын жайылым жерлерін елді мекен жеріне қосып, нақтылы шекарасын айқындау жөніндегі жұмыстары басталды. Самар ауданының «Тіркеу және жер кадастры» бөлімі арқылы бос жайылымдық жер учаскелері анықталуда. Егер босалқы жерлерлердің ауданы аз болған жағдайда Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 85 бабына сәйкес ауылдан 5 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалықтарынан мемлекет мұқтажы үшін сот тәртібімен алынатын болады. Нақтылы жер учаскелерінің сызба жоспары жасалғаннан кейін, аталған жұмыстар мемлекеттік сатып алу порталына конкурс түрінде беріледі. Жыл соңына дейін аталған жұмыстар толық аяқталады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар жазғы мал жайылымы мен қысқы мал азығы үшін халықты жайылымдық, шабындық жерлермен қамтамасыз ету бойынша 15.03.2023 жылдан бастап жалпы ауданы – 5150 гектар пайдаланылмай жатқан жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. Аудандық прокуратурамен ғарыш сапары жобасы арқылы жалпы ауданы – 46 мың гектарды құрайтын 87 жер пайдаланушы анықталып, нақты шара қолдану үшін облыстық жер инспекциясына жолданды.

Бастаушы ауылының тұрғындарының жазғы мал жайылымына жалпы ауданы – 1500 гектар жайылымдық жер учаскесі 5 жылға жалға берілді. Аққала ауылының елді мекен шекарасы нақтыланып нәтижесінде 40 гектарды өзге шаруа қожалықтар заңсыз игеріп отырғандығы анықталып, ауылдың елді мекен жеріне қосылды. Сарыбел ауылының тұрғынына Көкпекті ауданы әкімдігінің шешімімен елді мекен шегінен берілген 215 гектар шабындық жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылып ауыл тұрғындарының ортақ пайдалануына берілді. Жыл соңына дейін нақтылы атқарылып жатқан жұмыстар жарияланып отыратын болады.

Дата публикации
05 июня 2023