2022-2023 оқу жылында Самар ауданы бойынша 19 мектеп, 1 Балалар өнер мектебі, 1 балабақша өз жұмысын атқаруда. 19 мектептің ішінде: 10 орта мектеп, 7 негізгі мектеп, 2 бастауыш мектеп. Олардың 3-уі толық жинақталған, 16-сы шағын жинақталған мектептер. Қазақ мектебі – 5, орыс мектебі- 3, аралас мектептер-11.
Балалар өнер мектебінде -304 оқушы, Дәншік балабақшасында – 234 тәрбиеленуші, 11 шағын орталықта -283 тәрбиеленуші, мектепалды даярлық топтарында -147 тәрбиеленуші тәрбиеленуде, ал аудан бойынша 1-11 сыныптарда 1751 оқушылар білім алуда. 11 сынып түлектері – 76. «Алтын белгі» белгісіне үміткерлер саны– 11.
Ерекше қажеттілігі бар балалар саны аудан бойынша - 43. Психологиялық дамуында тежелуі туралы анықтама берілген. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8 бабын орындау мақсатында және білім беру мекемелерінің берілген өтініштері, сондай-ақ МБҚ-ң сәйкестендірілген анықтамалары, психологиялық-медициналық-педагогика-лық консультациясының ұсыныстары және қорытындылары бойынша 11 оқушыға үйде оқыту ұйымдастырылған.
Ауданда барлығы тәрбиешілер 76, 395 мұғалімдер жұмыс істейді. Жоғары санатты-4 , бірінші санатты-15, екінші санатты-13, педагог-мастер-3 , педагог-зерттеуші- 83, педагог-сарапшы-87, педагог-модератор-67 мұғалім, педагог-14, санаты жоқ -109, сапалық құрамы 49%. Жоғары білімі бар -337, орта білімі бар -58 педагог. 2022-2023 оқу жылында аудан бойынша 13 жас маман жұмысқа қабылданды. Қазіргі уақытта 23 зейнеткер жұмыс істеуде.
Аудан бойынша І жартыжылдықта білім сапасы 55% -ды құрайды. Жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша білім сапасы-69,3%, гуманитарлық пәндер бойынша 76,5%. Сабақты себепсіз босатқан оқушылар жоқ.
Аудан бойынша тіркеуде тұрған оқушы-4, құқық бұзған оқушы -1. Өзіне-өзі қол жұмсаған, ерте жүкті болған фактілер тіркелген жоқ.
Ауданда мектепішілік үйірмелер мен секцияларға жалпы 80% оқушылар жұмылдырылған.