«Ұлттық жобалар» шеңберінде Самар ауданы бойынша 2023 жылға 13 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда:
Жұмыс орындарын құру жоспары - 84, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына – 5, уақытша жұмыс орындарына – 79. Бүгінгі таңда инфрақұрылымдық жобалар бойынша 8 адам немесе 9,5% жұмысқа орналастырылды.
2023 жылға арналған «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» шеңберінде индикаторлар мен іс-шараларды орындаудың бекітілген жоспарына сәйкес:
– қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға-24 адам, оқыту шілде айына жоспарлануда;
- жастар практикасына-50 адам, оның ішінде 3 адам немесе 6% жіберілді, өз еркімен – 2 адам мерзімінен бұрын аяқталды. Жастар арасында Жастар іс-тәжірибесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. «Аграрлық-техникалық колледж» түлектерімен, сондай-ақ ата-аналармен кездесулер өткізілді. 2023 жылдың 28 сәуірінде Халықты жұмыспен қамту орталығы облыстық бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысып, білім беру мекемелерінің түлектерін кездесу барысында жастар іс-тәжірибесі бойынша жұмысқа шамамен 15 адам шақырылды.