Самар ауданының "SAMAR tynysy"газеті туралы Ақпарат

Самар ауданының "SAMAR tynysy"газеті туралы

Ақпарат

"SAMAR agparat" ЖШС Самар ауданы "SAMAR tynysy"  газетінің құрылтайшысы болып табылады. ҚР Ақпарат және  қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде тіркеліп, 2022 жылғы 9 желтоқсанда, № kz40vpy00060904 куәлігі берілген.

 "SAMAR tynysy" газетінің "SAMAR agparat" ЖШС құрылтайшысы Мерей Қайнарұлы, газет директоры-редакторы Таунар Қайратұлы, корреспондент Қанат Қайыргазықызы Апсадықова.

Аудандық газет-Самар ауданының құрылуына байланысты ауданда шығарылатын жалғыз апталық мерзімді басылым.

Газеттің компьютерлік беттеуі, редакциялау және басып шығару Өскемен қаласының "Шығыс Ақпарат" ЖШС баспаханасында жүргізіледі. Басылым аптасына 1 рет шығарылады. Көлемі 2 б. табақ. 1-ші жартыжылдықта таралымы 1500 дана болды.

Самар ауданының "SAMAR tynysy" газетінің алғашқы шығарылымы 2023 жылдың 6 қаңтарында шықты.

Газет-ақпараттық жүйенің жетекшісі. Аудандық басылым сонымен қатар әртүрлі әлеуметтік төлемдер, мемлекеттік мекемелердің ұсынылатын мемлекеттік қызметтері туралы жаңа ережелерді жариялайды.

Газеттің беттерінде аудан орталығында мемлекеттік мекемелер өткізетін іс-шаралар, ауданымыздың округ ауылдарының өмірінен жаңалықтар жарияланады. Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы секторының, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелерінің жұмысы туралы материалдар. Газет оқырмандарының өз проблемалары туралы айтуға және оларды құзыретті мекемелерден шешуге көмек алуға мүмкіндігі бар.

 Сонымен қатар,  аудан басылымы біздің ауданымыздың өркендеуіне баға жетпес үлес қосқан еңбек адамдары, соғыс және еңбек ардагерлері туралы қызықты мақала, әңгімелер шығарады.

Оқырмандардың көптеген өтініштері бойынша газетте бірнеше телеарналардың бағдарламалары жарияланады.

Сондай-ақ, оқырмандар маңызды күнмен құттықтаулар, жылжымайтын мүлікті, техниканы сатып алу және сату туралы хабарландырулар орналастыра алады, жарнамалар, сұраныс пен ұсыныстарды зерттей алады.

Болашақ жоспарда "Samar tynysy" газетінің материалдары мен фотосуреттері жарияланатын сайтын дамытатын боламыз. Сайтта газетте жарияланған жарнамалар, хабарландырулар мен құттықтаулар орналасады.

 

Таунар Қайратұлы, 

SAMAR tynysy"газетінің

директоры-редакторы

Самар ауданының "SAMAR tynysy"газеті туралы Ақпаратysy»
Дата публикации
30 марта 2023