Самар ауданы бойынша елді мекендердің шекараларын (шегін) белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108 бабының 1, 5-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Самар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Самар ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының жер қатынастары бөлімі мен сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бірлескен ұсынысына сәйкес, Самар ауданы Самар ауылдық округінің Қайынды ауылының шекаралары (шегі) 28,2 гектар жалпы ауданымен белгіленсін.
  2. Шығыс Қазақстан облысы «Самар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен қаулы мен шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен қаулы мен шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы бірлескен қаулы және шешімді Самар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

     Аудан әкімі Р. Сейтканов
     Самар ауданы мәслихатының төрағасы ФИО



Самар ауданы бойынша елді мекендердің шекараларын (шегін) белгілеу туралы
Дата публикации
06 марта 2023