«2023 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға
дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған,
білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру
орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
орыс тіліндегі мәтінде кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 18 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан, подпунктом 14-1) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», подпунктами 7), 8), 9) статьи 9 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года «О занятости населения», приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 412 «Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации», акимат района Самар Восточно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Самар ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға жұмыс орындарына квота белгіленсін.»;
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жана редакцияда жазылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Самар ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға жұмыс орындарына квота белгіленсін.»
көрсетілген қаулының 3-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жана редакцияда жазылсын;
мынадай мазмұндағы 6 тармақпен толықтырылсын:
«Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.».
Шығыс Қазақстан облысы
Самар ауданының әкімі Р. Сейтканов