2023 жылғы 12 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданы Самар, Құлынжон, Миролюбовка және Палатцы ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауы өтті

ХАБАРЛАМА

         

2023 жылғы 12 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданы Самар, Құлынжон, Миролюбовка  және Палатцы ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауы өтті.

          Аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2 тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссиясының әкімді сайлау қорытындылары туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындысын шығарды:

 

 

Самар ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша

 

          Самар   сайлау округі бойынша сайлаушылардың тізіміне 4421 азамат енгізілді, оның 3587 дауыс беруге қатысты.

          Самар ауылдық округінің әкімі болып Дюсупов Марат Ержанович  сайланды, 1986 жылы туылған, "Самар ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ  маманы, Самар ауданы, Самар ауылында тұрады, «AMANAT» саяси партиясымен ұсынылған.  

          Самар аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының               45-бабына сәйкес 2023 жылғы 13 ақпандағы шешімімен 2023 жылғы                     12 ақпанда  Самар ауданының Самар ауылдық округінің әкімі болып сайланған Дюсупов Марат Ержанович тіркелді.

         

Құлынжон ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша

 

          Құлынжон сайлау округі бойынша сайлаушылардың тізіміне 793 азамат енгізілді, оның 786 дауыс беруге қатысты.

          Құлынжон ауылдық округінің әкімі болып Серикказинов Расул Серикказинович сайланды, 1989 жылы туылған, уақытша жұмыссыз, Самар ауданы, Құлынжон ауылында  тұрады, «AMANAT» саяси партиясымен ұсынылған. 

          Самар аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының               45-бабына сәйкес 2023 жылғы 13 ақпандағы шешімімен 2023 жылғы                     12 ақпанда  Самар ауданының Құлынжон ауылдық округінің әкімі болып сайланған Серикказинов Расул Серикказинович тіркелді.

 

 

 

Миролюбовка ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша

 

          Миролюбовка   сайлау округі бойынша сайлаушылардың тізіміне 526 азамат енгізілді, оның 502 дауыс беруге қатысты.

          Миролюбовка ауылдық округінің әкімі болып Меткенов Канат Джанузакович  сайланды, 1979 жылы туылған, Самар ауданы әкімдігінің "Самар" ШЖҚ КМК басшысы, Самар ауданы, Самар ауылында тұрады, «AMANAT» саяси партиясымен ұсынылған. 

          Самар аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының               45-бабына сәйкес 2023 жылғы 13 ақпандағы шешімімен 2023 жылғы                     12 ақпанда  Самар ауданының Миролюбовка ауылдық округінің әкімі болып сайланған Меткенов Канат Джанузакович тіркелді.

 

Палатцы ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша

 

          Палатцы   сайлау округі бойынша сайлаушылардың тізіміне 488 азамат енгізілді, оның 486 дауыс беруге қатысты.

          Палатцы ауылдық округінің әкімі болып Оразаева Раушан Муратовна сайланды, 1992 жылы туылған, "Самар ауданы әкімінің аппараты" ММ қаржы-шаруашылық бөлімі басшысының м.а., Самар ауданы, Палатцы ауылында тұрады, «AMANAT» саяси партиясымен ұсынылған. 

          Самар аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының               45-бабына сәйкес 2023 жылғы 13 ақпандағы шешімімен 2023 жылғы                     12 ақпанда  Самар ауданының Палатцы ауылдық округінің әкімі болып сайланған Оразаева Раушан Муратовна тіркелді.

 

                                                            

Самар аудандық сайлау комиссиясы

2023 жылғы 12 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданы Самар, Құлынжон, Миролюбовка және Палатцы ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауы өтті
Дата публикации
13 февраля 2023