Самар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері

Жоба

 

 

Самар аудандық мәслихатының  2023 жылғы «____»   __________  ____   шешіміне  қосымша

 

 

 

Самар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері

 

 

1.Жалпы ережелер

  1. Самар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына (бұдан әрі – мамандар) коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі – әлеуметтік қолдау) көрсетіледі.

    1. Әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган – "Самар азаматтық ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және актілерді тіркеу бөлімі"мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

 

 

2.Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі

 

  1. Әлеуметтік қолдау мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдер негізінде мамандардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.

2.Әлеуметтік қолдау екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы мамандардың дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

 

3.Әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері

 

  1. Мамандарға жылына бір рет 11,1966 (он бір бүтін бір мың тоғыз жүз алпыс алты он мың) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

 

 

4.Көрсетілетін әлеуметтік қолдауды тоқтату және қайтару үшін негіздер

 

Әлеуметтік қолдау келесі жағдайларда тоқтатылады:

1) әлеуметтік қолдау Алушының қайтыс болуы;

2) алушы Самар ауданынан тыс тұрақты тұруға кеткен;

3) әлеуметтік қолдауды төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған айдан бастап тоқтатылады;

4) Жергілікті атқарушы орган белгілейтін әлеуметтік қолдауға құқығы бар лауазымдар тізбесіне сәйкес келмеуі;

5) ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған жағдайда, жыл ішінде қайта жүгіну;

6) артық төленген сомалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерікті немесе өзге де тәртіппен қайтарылуға жатады.

 

Самар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері
Дата публикации
11 января 2023