ҚАУЛЫ ПОСТАНОВЛЕНИЕ
2026 жылғы 30 қыркүйек № 2 Самар ауданы
Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы
Бастаушы ауылдық округінің әкімін сайлауы тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкесСамар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Бастаушы ауылдық округінің әкімін сайлауы 2026 жылғы 8 қарашаға тағайындалсын.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылғы 8 қарашаға тағайындалған Самар ауданының Бастаушы ауылдық округінің әкімін сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
3. Осы қаулы «Samar tynysy» аудандық газетінде және Самар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.
Төраға А. Курмангалиева
Хатшы А. Сафарова