Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Сарыбел ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Сарыбел ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

      2026 жылғы 25 тамызда сағат 18.00-де Самар ауданы Сарыбел ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.

 Сарыбел ауылдық округі бойынша:

Барлығы 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 1 (33,3%) –  «ӘДІЛЕТ» саяси партиясымен, 2 (66,67%) - өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.          

Орташа бәсекелестік - 3 адам. 

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу
2026 жылғы 30 тамызда сағат 18.00-де аяқталады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Самар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

  

Дата публикации
26 августа 2026