Шарттық негізде ұсынылған үгіт материалдарын орналастыру ақысының мөлшері

 

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Шығыс Ақпарат» ЖШС-не қарасты «Samar tynysy», «Арайлы Катонқарағай», «НАРЫН таңы» газеттері (бұдан әрі – Редакция) 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген сайлауға қатысатын, Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімдерін ұсынған және тіркелген саяси партияларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттары депутаттығына кандидаттарға «Samar tynysy», «Арайлы Катонқарағай», «НАРЫН таңы» газеттерінің беттерінде сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа алаңын ұсынады.

Баспа алаңын ұсынудың жалпы шарттары

Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімдерін ұсынған және тіркелген саяси партияларға (бұдан әрі – саяси партиялар), сондай-ақ Қазақстан Республикасының облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттары депутаттығына кандидаттарға редакция мақалалар мен өзге де материалдар түріндегі сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі – үгіт материалдары) орналастыру үшін газет беттерінен орын береді.

Үгіт материалдарының мәтіндерін саяси партиялардың өздері әзірлейді. Үгіт материалын жариялауы үшін саяси партиялардың өкілетті өкілдеріне мыналар қажет:

  1. Редакцияға төмендегідей ақпаратты қамтитын жазбаша өтінішті ұсынады; 1) Жазбаша мәлімдеменің күні мен уақыты; 2) Жазбаша мәлімдеме жасаған өкілетті өкілдің аты-жөні; 3) Газет бетінен алатын жоспарланған көлемі. 2. Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркелуге тиіс: 1) Партияның тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

 2) Партиялық тізімді ұсынғандығын растайтын құжаттың көшірмесі;

3) Саяси партияның өкілетті өкілінің өкілеттілігін растайтын құжатының көшірмесі;

4) Үгіт материалы мәтінінің мәнін қағаз және электрондық тасымалдағышта ашу;

5) Өтініш берушінің, саяси партияның өкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі.

  1. «Шығыс Ақпарат» ЖШС-мен шарт жасасу. Облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттардың депутатығынан үміткерлер (сенімді өкілдері) газеттің меншік иесіне келесі ақпараттар көрсетілген жазбаша өтініш тапсырады: 1) өтініш беруші үміткердің (сенімді өкілдің) тегі, аты және жөні; 2) үміткердің (сенімді өкілдің) жеке бас куәлігі, 3)  уәкілетті органмен берілген үміткерлік (сенімді өкілдік) куәлігі; 4) үгіт-насихаттық материалдардың түрі, оны жариялаудың уақыты мен баспа алаңының жоспарланған көлемі көрсетілген жазбаша өтініш мазмұны; 5) үміткердің (сенімді өкілдің) қолтаңбасы; 6) Жазбаша өтініш берген уәкілетті өкілдің қолы.

Үміткер куәлігінің көшірмесі мен үміткердің (сенімді өкілдің) жеке бас куәлігінің көшірмесі қоса беріледі.

Үгіт-насихат материалдарын жариялау ережелері

 

Жариялауға ұсынылатын материалдар жоспарланған жарияланым күнінен кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын қабылданады.

Материалдар кандидаттың немесе оның сенім білдірілген тұлғасының қолы қойылған қағаз және электрондық нұсқада ұсынылады.

Мазмұны Қазақстан Республикасының Конституциясына және қолданыстағы заңнамасына қайшы келетін материалдар жариялауға қабылданбайды.

 

Газет бетінде берілетін орынның көлемі

және ақы төлеу тәртібі

 

Газетте берілетін орынның бағасы прайс-парақ негізінде бекітіледі.

Үгіт-насихат компаниясы кезінде Қазақстан Республикасы

Құрылтай депутаттығына үміткерлердің материалдарын газет бетінде  жариялау құны 1 шаршы сантиметр үшін 500 теңгені құрайды.

          Қазақстан Республикасы Заңнамасы негізінде материалдарды газет беттеріне  орналастыру үшін алдын ала жүз пайыз ақы төленуге тиіс.

 

 

              Директор–редактор                                             М.Қайнарова

 

 

 

 

 

 

Шарттық негізде ұсынылған үгіт материалдарын орналастыру ақысының мөлшері
Дата публикации
15 июля 2026