АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Сайлауалды үгіт материалдарын F16.kz интернет-ресурсында орналастырудың ақы мөлшері, шарттары және тәртібі туралы
«Шығыс Ақпарат» ЖШС-не тиесілі F16.kz интернет-ресурсы (бұдан әрі – Редакция) 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған сайлауға қатысатын, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған және тіркелген саяси партияларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға F16.kz интернет-ресурсында сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру мүмкіндігін ұсынады.
Үгіт материалдарын орналастырудың жалпы шарттары
Редакция Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған және тіркелген саяси партияларға (бұдан әрі – саяси партиялар), сондай-ақ Қазақстан Республикасы облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға F16.kz интернет-ресурсында мақалалар және өзге де жарияланымдар түріндегі сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі – үгіт материалдары) орналастыру мүмкіндігін береді.
Үгіт материалдарының мәтіндерін саяси партиялар өздері дайындайды.
Үгіт материалдарын орналастыру үшін саяси партиялардың уәкілетті өкілдері:
- өтініштің берілген күні мен уақыты;
- уәкілетті өкілдің тегі, аты және әкесінің аты;
- үгіт материалының болжамды көлемі.
Жазбаша өтінішке төмендегі құжаттар қоса беріледі:
Қазақстан Республикасы облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарының депутаттығына кандидаттар (немесе олардың сенім білдірілген адамдары) Редакцияға мынадай мәліметтерді қамтитын жазбаша өтініш ұсынады:
Өтінішке кандидат куәлігінің көшірмесі және кандидаттың (сенім білдірілген адамның) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.
Үгіт материалдарын орналастыру қағидалары
F16.kz интернет-ресурсында орналастыруға ұсынылатын материалдар жоспарланған жарияланым күнінен кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын ұсынылуға тиіс.
Мазмұны Қазақстан Республикасының Конституциясына және қолданыстағы заңнамасына қайшы келетін материалдар орналастыруға қабылданбайды.
Материалдар электрондық түрде, ал қажет болған жағдайда кандидаттың немесе оның сенім білдірілген адамының қолы қойылған қағаз нұсқасында ұсынылады.
Орналастыру құны және ақы төлеу тәртібі
F16.kz интернет-ресурсында үгіт материалдарын орналастыру құны қолданыстағы прейскурантқа сәйкес айқындалады.
|
№ |
Орналастыру түрі |
Өлшем бірлігі |
Құны, теңге |
|
1 |
Көлемі 5000 таңбаға дейін (бос орындарымен) сайлауалды үгіт мақаласын орналастыру |
1 жарияланым |
15 000 |
|
2 |
Көлемі 5000 таңбадан жоғары (бос орындарымен) сайлауалды үгіт мақаласын орналастыру |
1 жарияланым |
30 000 |
|
3 |
Сайттың басты бетінде дайын баннерді орналастыру |
3 тәулік |
Жоғарғы баннер – 10 000; Төменгі баннер – 5 000 |
|
4 |
Үгіт материалын сайттың басты бетінің жоғарғы бөлігіне бекітіп орналастыру |
3 тәулік |
Жариялау құнына қосымша – 5 000 |
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үгіт материалдарын орналастыру 100 пайыз алдын ала төлем негізінде жүзеге асырылады.
Директор–редактор М.Қайнарова