
Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов жұмыс сапарымен Сарыбел ауылына барып, жергілікті тұрғындармен есептік кездесу өткізді. Кездесу барысында бірқатар өзекті мәселелер қарастырылып, оның ішінде ауылдың туристік әлеуетін арттыруға ерекше назар аударылды.
Аудан басшысының айтуынша, Сарыбел ауылын жыл бойы туристерді қабылдай алатын орынға айналдыру жоспарланып отыр.
– Қазіргі уақытта тиісті жоспар әзірленуде. Алдағы 3-4 жыл ішінде қажетті жұмыстар атқарылады. Сарыбелге туристердің тек жаз мезгілінде ғана емес, жыл бойы келуіне мүмкіндік жасауымыз қажет, – деп атап өтті Серік Жеңісұлы.