Бүгін Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов Новостройка ауылында болып, халық алдында есеп беру кездесуін өткізді.

Бүгін Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов Новостройка ауылында болып, халық алдында есеп беру кездесуін өткізді.

Бүгін Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов Новостройка ауылында болып, халық алдында есеп беру кездесуін өткізді. Жиында болашаққа арналған мақсаттар мен міндеттер талқыланды. Аудан әкімі ауылдағы әлеуметтік маңызы бар нысандардың бірі – медициналық пункттің жағдайымен танысты. Ол ғимараттың жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу мүмкіндігі қарастырылатынын атап өтті. Сонымен қатар, су құбырын тарту және қоқыс полигонын салу жоспарлары талқыланды. Байланыс желісін орнату мәселесі де қарастырылды. Ауыл тұрғындары бірнеше маңызды мәселені көтерді. Мысалы, жөндеуден өткен 3 шақырым жолда жүк көліктерінің жиі жүруі мәселесі сөз болды. Тұрғындар аудан әкімінен жолда шектеу белгісін орнатуды сұрады.