
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Е.Б. Көшербаевтың 2024 жылғы 4 маусымдағы №1/106 хаттамалық тапсырмасына сәйкес Самара ауданының 6 елді мекенінде мемлекеттік тілді оқыту бойынша филиал ашу бойынша тапсырма берілді. Осыған байланысты Сарыбел ауылында мемлекеттік тілді оқыту филиалы ашылды.
Іс-шараның мақсаты-Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қолдану аясын кеңейту, халықтың мемлекеттік тілді үйренуіне жағдай жасау. Іс-шара мемлекеттік тілді оқытудың қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Жаңа филиалдардың ашылуы ауыл тұрғындарына қазақ тілін үйренуге мүмкіндік беріп қана қоймай, олардың әлеуметтік-мәдени бейімделуіне ықпал етеді. Бұдан басқа, бұл бастама Қазақстан Республикасында тіл саясатын жетілдіруге, этносаралық келісімді нығайтуға және мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыруға бағытталған.