МӘМС қалай төлеуге болады?

МӘМС қалай төлеуге болады?

Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) 2019 жылы бес жыл мерзімге құрылды. Сондықтан 2024 жылдың 1 қаңтарында ол тоқтатылады. Бұл ретте ағымдағы жылы қалалар үшін 1 АЕК (3 450 теңге) және ауылдық жерлер үшін 0,5 АЕК (1 725 теңге) құрайтын БЖТ мынадай төлемдерді қамтиды:

табыс салығы-төлем сомасының 10% алады;

міндетті зейнетақы жарналары-соманың 30% ;

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар – БЖТ-дан 20% ;

медициналық сақтандыру (МӘМС) – 40%.

БЖТ әрекеті аяқталғаннан кейін бұл төлемдер басқаша жасалуы керек. МӘМС-ке өзін-өзі жұмыспен қамтыған қазақстандықтар қалай төлейтіні туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) баспасөз қызметі хабарлады.