"Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары II кезен

"Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары II кезен

Екінші кезең:тжер учаскесін таңдау актісін келісу және көрсетілетін қызметті алушы жер-кадастрлық жұмыстардың қызметтері үшін ақы төлеу кезінде жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу кезінде – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде:

1) Мемлекеттік корпорация 10 (он) жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық жоспар дайындайды және оны жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға жібереді;

2) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық жоспарды қарайды, бекітеді және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысын белгілейді;

3) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы жер-кадастрлық жоспар бекітілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің жобасын дайындайды.

Кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері шешім қабылдаған жағдайда, бекітілген жер-кадастрлық жоспар көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жіберіледі;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімді қарайды және қол қояды.

Жер учаскесіне құқық беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімінің көшірмесі, жер-кадастрлық жоспар 1 (бір) жұмыс күні ішінде уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын дайындау үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі;

5) көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган қол қойған уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шарты портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне, сондай-ақ жер-кадастрлық құжаттамада есепке алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі;

6) көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартына қол қояды.

8. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде тыңдалым рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші ахуалдық схемасы бар жер учаскесін таңдау актісін дайындау, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны жасау, жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) шарт жасасу туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті беруші арқылы беріледі.

9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

10. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.

Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.