интеллектуалды ойын «Сарыбел оттары»

интеллектуалды ойын «Сарыбел оттары»

06 шілде күні Самар ауданы, Сарыбел ауылында интеллектуалды ойын «Сарыбел оттары» қазақша куиз ойыны өтті.

Іс-шара Самар ауданы әкімдігінің және «Каскад-Н» ЖСШ-ның қолдауымен, Самар ауданының «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен өткізілді. Сайыстың мақсаты ішкі туризмді дамыту, Самар ауданының көрікті жерлерін насихаттау болып табылады.
Сайысқа облысымыздың аудандарынан келген 10 команда қатысты. Интеллектуалды ойын 7 бөлімнен тұрды. Қатысушылар классикалық сауалдарға, киноға, әнге қатысты қызықты сұрақтарға жауап беріп, логикаларын тағы бір рет дамытты.

Сайыс қорытындысы бойынша 1 орынға «Tas- Talhan» командасы ие болды. 2 - орынға «Бұқар-Жырау» командасы, ал 3 - орынға «Хамиданың балалары» командасы жайғасса, 7- орынды облысымыздың жастарынан құрылған «Кайф» командасы иеленді. Қатысушыларға ақшалай сыйлықтар табыс етілді.


Аудан жастары атынан және қатысушылардың атынан іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткен ШҚО «Жастар ресурстық орталығының» директоры Айдос Әділбекұлына, Самар ауданы әкімінің орынбасарлары Жасұлан Талғатұлына, Қайдар Сайкенұлына, Самар ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Асқар Төлеубайұлына, журналист Дарын Нұрсапарға, «Каскад-Н» ЖСН-ның директоры Сержан Оралканұлына және қатысушыларға алғысымызды білдіреміз.