
Наурыз мейрамы – өткенді ой елегінен өткізіп, болашаққа жоспар құру кезеңі.
Біз бұл күнді оқушылардың жаңа білім алуына арнадық. Яғни, қазақ ою-өрнектерінің түрлерін, жасалу тәсілдерін меңгерді. Ою-өрнек – ертеден келе жатқан халық өнерінің бір түрі. Бұл өнердің бастауы көне замандардан басталады.