ЖОБА
Жер телімдеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Републикасы жер кодексінің 17, 67, 69-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Электрмен жабдықтау желілеріне (электр беру желілеріне) еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін меншік иесінен жер телімдерін алусыз қосымшаға сәйкес қауымдық сервитут (шектеулі мақсатта пайдалану құқығы) белгіленсін.
2. Шығыс Қазақстан облысы «Самар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң оны ресми жариялауға жолдануын;
3) осы қаулының Алтай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Әбуғалийға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Аудан әкімі Н. Махамбетов