GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Әкім аппараты
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
16 октября 2026
Қазақстан Республикасы күні құтты болсын!

Самар ауылдық округінің ардақты тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді еліміздің басты ұлттық мерекесі — Қазақстан Республикасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күн — мемлекеттігіміздің нығайып, егемендік пен тұтастыққа бет алған тарихи кезеңнің символы. Ел бірлігі мен салиқалы саясаттың арқасында Қазақстан тұрақты даму жолымен сенімді түрде алға басып, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтып келеді.

Бүгінгі таңда әрқайсымыздың ерен еңбегіміз ортақ Отанымыздың өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосуда. Әрбір шаңыраққа шаттық, береке мен бірлік, алға қойған мақсаттарға жету жолында сенім тілейміз. Туған жердің игілігі жолындағы еңбектеріңіз әрдайым табысты болсын!

Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!

Құрметпен,

«Самар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

30 сентября 2026
«Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жарық шағылыстыратын элементтер орнатылды»

Самар ауылынан Өскемен қаласы бағытына шығатын «Самар – Өскемен» автожолының бойында сыртқы жарықтандыру бағаналарына жарық шағылыстыратын элементтер орнатылды.
Аталған жұмыстар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру, әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында жол бойындағы бағаналардың көрінуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілді.
Самар ауылдық округінде абаттандыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

17 сентября 2026
Мопедтер мен мотоциклдер балаларға арналған ойыншық емес

Кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, балалардың тиісті жүргізуші куәлігі мен қажетті дағдылары болмай тұрып, мопедтер мен мотоциклдерді басқаруына жол бермеу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Ата-аналарға ескертеміз: мотокөлік құралдары жоғары қауіп көзі болып табылады және баланың ойнайтын заты ретінде қарастырылмауы тиіс. Кәмелетке толмаған балаға көлік құралын басқаруды беру оның өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ жол қозғалысының басқа да қатысушыларының қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

Мопедті басқаруға 16 жастан бастап, тиісті жүргізуші куәлігі болған жағдайда рұқсат етіледі. Мотоциклді басқаруға 18 жастан бастап, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі болған жағдайда рұқсат етіледі.

Тиісті жүргізуші куәлігі жоқ кәмелетке толмағандарға мотокөлік құралдарын басқаруға беруге тыйым салынады.

21 августа 2026
Қазақстанда 2026 жылғы 23 тамызда жаңа Конституцияға сәйкес бір палаталы парламент – Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтеді.

Қазақстанда 2026 жылғы 23 тамызда жаңа Конституцияға сәйкес бір палаталы парламент – Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтеді. Науқанның басты ұраны – «Жаңару үшін дауыс бер!». Бұл сайлау мемлекеттің заң шығарушы билігін жүзеге асыратын 145 депутаттың 5 жылдық мерзімге жаңа құрамын айқындайды.

23 июля 2026
Самар ауылында апатты ағаштарды санитарлық кесу жұмыстары жалғасуда.

Самар ауылында апатты ағаштарды санитарлық кесу жұмыстары жалғасуда. Аталған жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ елді мекен аумағын абаттандыру мақсатында жүргізілуде.

Кесуге азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, тұрғын үйлерге, электр беру желілеріне, автомобиль жолдарына және басқа да инфрақұрылым нысандарына зиян келтіру қаупі бар ағаштар жатады.

30 июня 2026
ШҚО прокуратурасың Жадынамасы
16 июня 2026
"Жасыл ел"

"Жасыл ел" жасақтары Абай алаңын тазалау және абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысуда. Туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне үлес қосу - әр азаматтың ортақ міндеті.

01 июня 2026
Мемлекеттік корпорацияның 10 жылдығына орай Өскеменде көшпелі семинар өтті

28-29 мамыр күндері Өскемен қаласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның 10 жылдығына арналған аймақтық көшпелі семинар өтті. Ауқымды іс-шара орталық аппараттың бейінді департаменттері мамандарын, «Таным» корпоративтік оқу орталығының өкілдерін және бес филиалдың өңірлік бөлімшелері қызметкерлерін біріктірді.

Семинар кәсіби диалог алаңы ғана емес, сонымен қатар Мемлекеттік корпорацияның он жылдық қызметінің қорытындыларын шығаруға, тәжірибе алмасуға және еліміздегі мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін одан әрі дамыту мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.

Екі күн бойы қатысушылар жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу, неке-отбасы заңнамасы, әлеуметтік қызметтер, жер кадастры, процестерді автоматтандыру және заманауи цифрлық шешімдерді енгізу салаларындағы өзекті мәселелерді қарастырды. Әсіресе, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуде Blockchain технологияларын қолдану және Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрын дамыту тақырыптары ерекше қызығушылық тудырды.

«Осындай кездесулердің маңызы зор. Олар әртүрлі өңірлерден келген мамандарға бір кәсіби ортада жұмыс істеп, тәжірибе алмасуға және тиімді шешімдерді бірлесіп әзірлеуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына тікелей әсер етеді», — деп атап өтті «Таным» корпоративтік оқу орталығының өкілдері.

Семинар барысында келесі мәселелерге ерекше назар аударылды:

  • цифрлық сервистерді дамыту және мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын жетілдіру;
  • жылжымайтын мүлік объектілері туралы мәліметтерді өзектендіру;
  • ведомствоаралық өзара іс-қимыл сапасын арттыру;
  • азаматтардың проблемалық мәселелер бойынша өтініштерін қарау.

Спикерлер тәжірибелік кейстерді, жүзеге асырылған жобалардың нәтижелерін және процестерді цифрландырудың сәтті үлгілерін таныстырды. Қатысушылар өз тәжірибелерімен белсенді түрде бөлісіп, тәжірибеде кездесетін күрделі жағдайларды талқылап, оларды шешу жолдарын ұсынды.

«Бүгінде Мемлекеттік корпорация — тек мемлекеттік қызметтердің бірыңғай операторы ғана емес. Бұл — күн сайын миллиондаған азаматқа қызмет көрсететін үлкен жүйе. Осындай көшпелі семинарлар бізге бір-бірімізді тыңдауға, проблемалық мәселелерді жедел шешуге және халыққа қызмет көрсетудің заманауи тәсілдерін бірлесіп қалыптастыруға мүмкіндік береді», — деді Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ филиалының директоры Азамат Есембулов.

Іс-шараның екінші күні панельдік сессиялар форматында өтті. Онда орталық аппарат бөлімшелерінің басшылары қызмет бағыттары бойынша бейінді бөлім қызметкерлерімен мақсатты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Осындай іс-шараларды өткізу бөлімшелер арасындағы кәсіби өзара іс-қимылды нығайтуға, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға және мемлекеттік қызмет көрсетудің бірыңғай стандарттарын еліміздің барлық өңірінде енгізуге ықпал етеді.

15 мая 2026
Пресс-релиз

Самар ауданының 2026 жылғы қаңтар-сәуірдегі

әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

 

 

Шығыс Қазақстан облысында Самар ауданы 5,5 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. 2026 жылдағы 1 сәуірге ауданның халық саны – 11 073 адамды құрады, барлығы ауыл тұрғындары. Ауданда 8 ауылдық округ, 22 елді мекен бар.

 

ӨНЕРКӘСІП

Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2026 жылдың қаңтар-сәуір айында нақты бағада 1881,0 млн. теңге құрады. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индекс көрсеткіштері 50,7 % құрады, өңдеуші  өнеркәсібі  102,0 %, азық түлік өнімдерін өндіру  104,0 % құрады.

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ

2026 жылдың қаңтар-сәуір айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға 3066,7 млн. теңгені құрады. Инвестициялар нақты көлемінің индекс көрсеткіштері 152,1 % құрады. Орындалған құрылыс жұмыстары 150,0 млн. теңгені құрады.

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.

2026 жылдың қаңтар-сәуір айында барлық шаруашылық санаттарында союға арналған мал мен құстың тірі салмағы 1118,4 тонна (2025 жылдың сәйкес кезеңіне 104,6 %-ды) құрады,

1157,9 тонна (106,1 %) - сүт өндірісі.

1545,7  мың дана (96,3 %) – жұмыртқа.

2026 жылдың ақпан айында  Ірі қара мал саны  98,3 % төменбдеді, оның ішінде сиырдың басы 99,2 % төмендеді, қой мен ешкі саны 100,5 %, жылқы басы  92,6 % төмендеді, құс  басы

94,7 %  құрады.

 

Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны 92 бірлік құрады, жұмыс істейтіндер 79.

                                                                           

www.stat.gov.kz / Хабар

 

Орындаушы:

Сақуанова Г.С.

Тел. +7 (777) 849-20-93

Самар ауданының Статистика басқармасының басшысы:

Сақуанова Г.С.

Тел. +7 (777) 849-20-93

Мекенжай:

Горохова, 56

 

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы

04 мая 2026
*2026 жылғы мамырда жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша алғашқы статистикалық деректерді респонденттердің тапсыру кестесі*
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы