Самар ауылдық округінің әкімі Марат Ержанұлы және Самар ауылдық әкімдігі тыл ардагерлерін 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен арнайы құттықтап, оларды жылы лебіздерімен қуантты.

Самар ауылдық округінің әкімі Марат Ержанұлы және Самар ауылдық әкімдігі тыл ардагерлерін 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен арнайы құттықтап, оларды жылы лебіздерімен қуантты.

Көктемнің ең шуақты, ең нәзік мерекесі – 8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында Самар ауылдық округінің әкімі Марат Ержанұлы және Самар ауылдық әкімдігі тыл ардагерлерін арнайы құттықтап, оларды жылы лебіздерімен қуантты.

Ардақты аналарымыз бен әжелеріміз – сіздер ел үшін ерен еңбек сіңіріп, қиын-қыстау заманда қайсарлық пен төзімділіктің үлгісін көрсеттіңіздер. Сіздердің жас ұрпаққа қалдырған өнегелеріңіз – мәңгілік мұра. Біз сіздердің алдарыңызда басымызды иіп, шексіз алғысымызды білдіреміз.

Бұл күн – тек көктемнің емес, жүректеріңізді шаттыққа бөлейтін, қуаныш пен махаббат сыйлайтын мереке. Сіздердің жүздеріңізден күлкі кетпей, әрбір күндеріңіз жақындарыңыздың қамқорлығымен, жылы сөздерімен және сүйіспеншілігімен толы болсын!

Көктемнің шұғылалы мерекесі құтты болсын! Денсаулықтарыңыз мықты, ғұмырларыңыз ұзақ болсын! 🌸✨