Самар ауылында "Таза Қазақстан" акциясы жалғасуда

Самар ауылында "Таза Қазақстан" акциясы жалғасуда

Самар ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері "Таза Қазақстан" акциясы аясында қар тазалау жұмыстарын белсенді жалғастыруда. Қардың көп мөлшерде түсуіне байланысты арнайы техника бара алмайтын жерлер қолмен тазалануда.

Қызметкерлер тар көшелерді, жаяу жүргіншілер жолдарын және әлеуметтік маңызды нысандарға кіреберістерді қардан тазартып, тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуде. Жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп, ауылдың орталық бөлігінен бастап шеткері аймақтарға дейін қамтылуда.

Ауылдық округ әкімдігі қыстың қиын жағдайында қажырлы еңбек етіп жатқан қызметкерлеріне алғысын білдіреді. Қар тазалау – тұрғындардың амандығы мен ауылымыздың тазалығына бағытталған маңызды іс.