Самар ауданы, Самар ауылында «Qazaq Oil» жанармай құю бекеті ашылды

Самар ауданы, Самар ауылында «Qazaq Oil» жанармай құю бекеті ашылды

Жаңа жанармай құю станциясын салтанатты түрде Самар ауданының ардагерлер кеңесінің мүшесі А.Садыков пен Самар ауданының мәслихат төрағасы Г.Шаймарданова ашты. Самар ауданының әкімінің міндетін атқарушы Ж.Майкенев шараға жиналған жұртшылықты жаңа бекеттің ашылуымен құттықтап, Самар аудан әкімі Н.Махамбетовтың атынан алғыс хат табыс етті.
— Біздің мақсат — аудан тұрғындары мен жолаушыларды сапалы жанармаймен қамтамасыз ету. Жанармай бекетінде 15 адамды жұмыспен қамтып отырмыз, - деді «Qazaq Oil» жанармай бекетінің басшысы Оразхан Оралханұлы.