Шығыс Қазақстанда 140 мыңға жуық азаматтың зейнетақысы өсті

Шығыс Қазақстанда 140 мыңға жуық азаматтың зейнетақысы өсті

         Шығыс Қазақстан облысында зейнеткерлерге ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап "2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңға сәйкес базалық зейнетақыны 7% – ға, ынтымақты зейнетақыны 9%-ға арттыру көзделгеніне байланысты төлемдер ұлғайды.

         Айта кетейік, 1, 2 және 3 бала туылған кезде біржолғы жәрдемақы 131 100 теңгеден 140 296 теңгеге дейін, төртінші және одан да көп балаға - 217 350 теңгеден 232 596 теңгеге дейін ұлғайды. I топтағы жалпы ауруы мүгедек адамдарға берілетін жәрдемақы 89 248 теңгеден 95 496 теңгеге дейін, II топтағы жәрдемақы – 71 398 теңгеден 76 397 теңгеге дейін, III топтағы жәрдемақы – 48 681 теңгеден 52 089 теңгеге дейін ұлғайды. Бұдан басқа, мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 7% - ға өсті.

         "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Айжан Ағыбаеваның айтуынша, Шығыс Қазақстан облысында 137 482 зейнеткерге зейнетақы ұлғайтылды. "Облыс бойынша 19 784 Мүгедектігі бойынша жәрдемақы алушыға, 8 731 асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алушыға, 18 478 арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушыға, 1 755 бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жәрдемақы алушыға, сондай-ақ 7 973 көпбалалы отбасына, "Алтын алқа", "Күмісалқа" алқаларымен марапатталған  көпбалалы 3769 аналар төлем өсті", -деді Айжан Ағыбаева.

         Сондай-ақ мемлекеттік корпорациямен көрсетілетін 26 мемлекеттік қызмет түріне электрондытүрде онлайн өтініш беруге болатынын, ол үшін қызмет алушылардың ұялы телефон нөмірлері міндетті түрде мобильді азаматтар базасына (МАБ) тіркелуі керек екенін жеткізді.