EgovKzBot2.0 (https://t.me/Kenes1414Bot)

EgovKzBot2.0 (https://t.me/Kenes1414Bot)

Бүгінгі күні EgovKzBot2.0 (https://t.me/Kenes1414Bot)– электрондық үкімет порталының боты арқылы келесі қызметтер мен сервистерді алу қол жетімді:

  1. Ең жақын ХҚКО
  2. Халыққа қызмет көрсету орталықтарына кезекті брондау
  3. Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы берілген құжаттардың дайындығын тексеру
  4.  Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
  • МӘМС туралы ақпарат алу
  • Сақтандырылу жолдары туралы ақпарат алу
  • Жарналар мен аударымдарды төлеу туралы ақпарат алу
  • Сақтандыру мәртебесін анықтау
  1.  Зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірісті ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат
  2. Электрондық үкімет порталы немесе ҚР КЕАҚ арқылы алынған қызметтерді тексеру
  3. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілінің бар болуын іздеу
  4. Жылжымалы құрам кепілінің бар болуын іздеу
  5. Ауылшаруашылық техникасы кепілінің бар болуын іздеу
  6. «Наркология» Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер беру
  7. «Психиатрия» Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер беру
  8. «Фтизиатрия» Фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер беру
  9. Шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтерді беру
  10. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет алу
  11. Шетелге шығу шектелген борышкерлер тізілімі бойынша шетелге шығуға тыйым салудың болуын тексеру
  12. Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама
  13. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама
  14. Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтамалар
  15. Зейнетақы аударымдары туралы анықтама
  16. Жеке тұлғалар үшін жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы ақпарат беру
  17. Жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама

Ботпен жұмыс істеуді бастау үшін eGov.kz-те тіркелген болып және порталдың профиліне өзінің телефон нөмірін байлау қажет. Телефонды тіркеу және байлау қатаң түрде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып жүзеге асырылады, және де егер сізде ол жоқ болса, онда «Порталда алғашқы рет» бөлімінде ЭЦҚ-ны алу рәсімі туралы ақпаратпен танысып алыңыз.

Телефон нөмірін байлау немесе «мобильді азаматтар базасында тіркелу» (МАБ) порталда бастапқы тіркелу кезінде, сондай-ақ, eGov.kz Жеке Кабинеттегі баптау арқылы жасалады. Ол SMS-код арқылы растауды және пайдаланушының ЭЦҚ-мен қол қоюды талап етеді.

Telegram мессенджерін сіздің телефон нөміріңіз байлаулы смартфонға орнатып @Kenes1414Bot атауы бойынша іздеу арқылы ботты табу қажет. Ботты іске қосу үшін «Старт» командасын басу және мәзір арқылы телефон нөмірін жіберу қажет.