«Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Палатцы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 05 Ақпанда № 19982 болып тіркелген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39Н/Қ бұйрығына сәйкес «Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Палатцы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жеке және заңды тұлғаларға 2023 жылы 1 мемлекеттік қызмет көрсетті, соның ішінде:                                                                       

- Е-лицензиялау ақпараттық жүйесі арқылы - 1;

- балама негізде қағаз түрінде - 0.

Балама негізінде көрсетілетін қызметтер санынан Е-лицензиялау ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта көрсетілген қызметтер үлесі 100 %  құрады.

Динамика көрсеткендей, ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

- «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» - 1;

2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.

Халықтың мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округ әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша нормативтік құқықтық актілермен және ақпараттық-анықтамалық материалдармен стенд ресімделді, Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуге жауапты лауазымды тұлғалар айқындалды. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылған. "Электрондық үкімет" порталы арқылы қызметтерді өз бетінше алу үшін "өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы"бар. 2023 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы көрсетілген қызметтер саны 27 қызметті құрайды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуы үшін халыққа консультациялық көмек көрсетіледі.

Халық арасында түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде WhatsApp мессенджері арқылы жүргізіледі.

2024 жылы жергілікті атқарушы орган көрсететін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру бойынша жұмыстарды тұрақты негізде жүргізу, WhatsApp мессенджері арқылы халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін жария ету, "электрондық әкімдікті" танымал ету, азаматтарды оқыту бойынша PR – акциялар мен іс-шаралар өткізу жоспарлануда ауылдық округінің сандық сауаттылығы

«Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Палатцы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі
Дата публикации
17 марта 2024