Бастаушы ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде.
Бастаушы ауылдық округі: Жемқорлыққа қарсы мәдениет – жарқын болашақ кепілі
Бүгінгі таңда қоғамымыздың дамуына басты кедергі келтіретін қауіптің бірі – сыбайлас жемқорлық. Онымен күрес тек қана мемлекеттік органдардың міндеті емес, әрбір азаматтың, соның ішінде ауыл тұрғындарының ортақ ісі. Осы бағытта Бастаушы ауылдық округінде де жүйелі жұмыстар атқарылып, заң үстемдігін қамтамасыз етуге баса көңіл бөлінуде.
Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуын тежеп қана қоймай, әлеуметтік әділетсіздік тудыратын кесел. Президентіміз атап өткендей, «Әділетті Қазақстан» құру жолында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру – басты талап.
Осы орайда, жуырда Бастаушы ауылдық округінде ауыл кәсіпкерлері мен тұрғындарының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты мазмұнды дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында адал кәсіп жүргізу, заң талаптарын қатаң сақтау, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ортақ мүдде үшін ашықтықты қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланып, қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
2 қазан күні Бастаушы ауылдық клуб үйінде әйелдер мен ерлердің қоғамдағы тең мүмкіндіктерін насихаттау, гендерлік теңдік қағидаттарын түсіндіру және азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді араласуын қолдау мақсатында «Әйел мен ер – қоғамдағы тең мүмкіндік» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қоғамдағы әйел мен ер адамның орны, олардың құқықтары мен міндеттері, отбасы мен қоғамдағы өзара сыйластық, бір-біріне қолдау көрсету және тең мүмкіндік беру мәселелері кеңінен талқыланды.
Қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, әйелдер мен ерлердің қоғамның дамуына қосып отырған үлесі туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, әр адамға жынысына қарамастан білім алуға, еңбек етуге, өз қабілетін дамытуға және қоғамдық өмірге белсенді қатысуға бірдей мүмкіндік берілуі маңызды екені айтылды.
Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, қоғамдағы татулық пен теңдікті қалыптастыру әр азаматтың ортақ міндеті екендігін атап өтті.
1 қазан – Қарттар күніне орай Бастаушы ауылдық округінде «Қарты бар үйдің қазынасы бар» атты мерекелік дастархан жайылды. Аталған тағылымды шара ауылдық округ әкімшілігі мен мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өтті.
Мерекелік дастарханға округіміздің ардақты ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелері арнайы шақырылып, үлкендерге құрмет көрсетілді. Қазақ халқы ежелден қариясын төріне шығарып, ақылын тыңдап, батасын алған. «Қариясы бар елдің – қазынасы бар» деген дана сөз де үлкенге деген құрметтің биіктігін аңғартады.
Шара барысында қонақтарға ақ дастархан жайылып, ақсақалдар мен әжелерге ізгі тілектер айтылды.
Ақ жаулықты әжелер ақ баталарын беріп, ақсақалдар кейінгі ұрпаққа өнегелі әңгімелерін айтып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Дастархан басындағы жарасымды әңгіме, ақ тілектер мен жылы лебіздер мерекенің мәнін аша түсті.
Қарияларымыз – елдің берекесі, отбасының ұйытқысы, кейінгі ұрпаққа жол көрсететін асыл қазына. Оларға құрмет көрсету – баршамыздың парызымыз.
🌱 Тазалық – өзіңнен басталады!
✨ Бастаушы ауылы «World Cleanup Day» акциясын қолдайды!
Бүкіләлемдік тазалық күні мен «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауылымызда сенбілік өтті. Біз тазалықты өз ауламыздан, өз өлкемізден бастадық!
Сенбілікке мекеме қызметкерлері белсене қатысып, туған жеріміздің тазалығы үшін бір кісідей жұмылды. Бұл – жай ғана тазалық шарасы емес, айналамызға деген сүйіспеншілік пен жауапкершіліктің көрінісі.
Бәріміз бірге туған жерімізді таза, жасыл әрі көрікті етейік! Сіз де жалпыұлттық «Өзіңнен баста» челленджіне қосылыңыз! 💪💚
#WorldCleanupDay #ТазаҚазақстан #Өзіңненбаста #Начниссебя #Бастаушы
Бастаушы ауылдық клуб үйінде кітапханашы Ж. Маулханованың ұйымдастыруымен ауыл тұрғындарының қатысуымен «Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық: қалай жоюға болады?» тақырыбында түсіндіру жұмыстары өтті.
Кездесу барысында тұрғындарға күнделікті өмірде кездесетін тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың түрлері, сондай-ақ пара беру немесе пара алу жағдайларына тап болған кезде азаматтардың ұстанатын құқықтық әрекеттері мен балама шешімдері егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Жиын барысында қандай да бір заңсыз әрекеттерге жол бермей, мемлекеттік қызметтерді заң аясында алу жолдары атап өтілді. Сондай-ақ тұрғындарға осындай келеңсіз жағдайларға тап болған жағдайда дереу әрекет етіп, 1424 бірыңғай сенім телефонына хабарласу қажеттігі ескертілді.
Мұндай іс-шаралар ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Бастаушы ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде.
Бастаушы ауылдық округінде «Жасыл ел» жобасының 3-маусымдағы сарбаздары «Таза Қазақстан» акциясы аясында жұмыстарын жалғастыруда.
20 тамыз күні Бастаушы ауылдық кітапханасында «Жемқорлыққа жол жоқ» атты дөңгелек үстел өтті. Сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Азаматтардың құқықтарын қорғау, әділдік пен ашықтықты қамтамасыз ету бағытында елімізде ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Заңнамалық реформалар, қоғамдық бақылау тетіктері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру бағдарламалары арқылы қоғамдағы бұл келеңсіз құбылысты жоюға бағытталған шаралар жүзеге асырылуда. Біз әрбір азаматты сыбайлас жемқорлықпен күреске атсалысуға, өз құқықтарын қорғауға және жемқорлыққа қарсы белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырамыз. Тек бірлесе әрекет еткенде ғана қоғамымызды таза әрі әділ ете аламыз.
Біз бірге сыбайлас жемқорлықпен күресіп, әділ қоғам құруымыз керек!
Бастаушы ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде.