Халықаралық кітап сыйлау күні!

Халықаралық кітап сыйлау күні!

 

 Халықаралық кітап сыйлау күні!

Бұл мереке 2012 жылдан бері тойланып келеді. Оны алғаш рет ағылшын жазушысы, екі баланың анасы – Эмма Перри ойлап тапқан.
Әлем халықтары бұл мерекені бір-біріне кітап сыйлау және кітап оқудан жарыс түрінде атап өтеді. Өйткені бұл мерекенің басқа мерекелерден ерекшелігі – кітап сыйлау және оқырманның назарын кітапқа аудару, әдеби мұраларды құрметтеу және насихаттау. Самар ауданы, Бастаушы ауылының тумасы Айнаш Қасым – шығыстанушы-филолог, әдебиеттанушы, парсы тілі мен әдебиеті және қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы, аудармашы, журналист-редактор, диктор, жазушы, филология ғылымының кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.1974 жылы наурыздың сегізі күні Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданының, Бастаушы ауылында дүниеге келген. 1996жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультетін «Парсы филологиясы» мамандығы бойынша үздік бітірді. 2004-2011 ж.ж. М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер болып, 2009 жылы осы институтта кандидаттық диссертация қорғады. Біраз жыл Алматыдағы жоғары оқу орындарында парсы тілі мен әдебиетінен дәріс берді. 2011-2020 ж.ж. Иран астанасы Тегерандағы Иран Телерадио бірлестігі Шетелдік қызмет торабында Қазақ радиосының редакторы, аудармашы, дикторлық қызметтерді қатар атқарды. 2023 жылдан осы уақытқа дейін kz.eurasiatoday.ru ақпарат сайтының Бас редакторы. «Абай және парсы әдебиеті» атты монография мен «Зүмірет» кітабының авторы. Парсы тілінен қазақ тіліне 20 кітап аударды. Оралхан Бөкейдің «Бес тиын» және «Қасқыр ұлыған түнде» әңгімелері мен А.С.Пушкиннің «Барышня-крестьянка» повесін парсы тіліне тәржімалады. Қазақ, парсы және орыс тілдерінде 70-тен астам мақала жазды. Корректорлық, редакторлық жұмыстарды жетік меңгерген.Баспа ісі мен кітап шығару саласында үлкен тәжірибеге ие. Айнаш Қасымқызы сізге алғысымыз шексіз сізге творчестволық табыстар тілейміз.