
Аяулы әжелер, аналар,қыздар қызғалдақтар, мерекелеріңіз құтты болсын!
7 наурыз күні Бастаушы ауылдық клуб үйінде әкімшіліктің ұйымдастыруымен 8 наурыз Халықаралық Әйелдер күніне арналған “Ана-өмір шырағы!”атты мерекелік іс шара өтті. Округтегі әйелдер қауымына ақ дастархан жайылып, мерекелік концерт ұсынылды. Бұл іс шара округ әкімі А.Кенесбековтың құттықтау сөзімен басталды және округтің қоғамдық өміріне белсене ат салысып жүрген азаматшаларға алғыс хат табыстады. Жамбыл атындағы орта мектебінің директоры К.К. Кайргазиновқа, тыл ардагері, зейнеткер-ұстаз, ардақты әже Ж.С. Кужамбетоваға және округтің әйелдер кеңесінің төрайымы К.А. Конгуловаға құттықтау сөз берілді. Абай атындағы орта мектебінің, Жамбыл атындағы орта мектебінің оқушыларының өнер көрсетуімен жалғасты және “Асыл мұра” қоғамдық бірлестігінің мүшелері Ж. Нарбинова, Г. Маткаримова ән шырқады. Ауыл тұрғыны Б. Смагулов “Қарындасыма” атты ән шырқады. Бұл іс шараға демеушілік көрсеткен “Құсайынұлы Б.К”шаруа қожалығының басшысы Б. К. Кумаровқа алғысымыз шексіз. Бастаушы ауылдық округінің әйелдер қауымы ризашылығын білдіріп қөтеріңкі көңіл күймен тарқасты және кешке би кешімен жалғасты. Сіздерге шексіз бақыт және зор денсаулық тілегіміз келеді. Барлық ауыртпашылық сіздерді айналып өтсін және арайлап атқан әрбір таң тек куаныш әкелсін.