Мемлекеттік қызметті оңтайландыру мақсатында: жыл сайын барлық деңгейдегі әкімдер халық алдында есеп беру кездесулерін өткізеді.
Осыған орай, ауылдық округіміздің 2023 жылдың 11 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебін, сондай-ақ 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарын ұсынамын.
Бастаушы ауылдық округі аудан орталығынан 24 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер аумағы 29 735 га құрайды. Округте аула саны -256. Халық саны - 963 адамды құрайды. оның ішінде экономикалық белсенді халық -510 адам, 16 жасқа дейінгі балалар -224.
2023 жылы дүниеге 8 сәби келді.
Ауыл шаруашылығы: Округте 2023 жылдың 1 шілде жағдайы бойынша 4401 бас ірі қара, қой-ешкі 7689 бас, жылқы 3005 бас тіркелген.
Округте 2023 жылы 60 шаруа қожалық, 14 жеке кәсіпкер тіркелді. 1 мал бордақылау алаңы бар.
Асыл тұқымды мал өсірумен екі шаруа қожалығы айналысады (Е.Дюсупов, Б.Рапеков).
Жер қатынастары
Ауылдық округ бойынша ауыл шаруашылық жерлерінің көлемі – 27514 га, егістік – 12318 га, шабындық -1490 га, жайылым – 11696 га. Оның ішінде: салынған дәнді дақылдар-4333га., майлы дақылдар - 3557га., азықтық дақылдар-933 га.
Салық
Округтегі жер және мүлік салығын төлеушілер саны – 232 адам.
Көлік салығын төлеушілер – 162 адам.
2023 жылға жоспарланған салық түсімдерінің мөлшері 2 млн 200 мың теңге, орындалғаны 4 млн 628 838 мың теңге. Қосымша 2 млн 400 мың тенге түсім көлік салығынан берешегі бар төлемшілердің және трактор иелерінің салық төлемдері мен жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының салықтарынан құралды.
Білім беру: Ауылдық округте 2 мектеп оқушыларға білім береді:
- «Абай атындағы орта мектебі», оқушылар саны- 104, 22 мұғалім, 4 тәрбиеші; Шағын орталықта 27 бала, мектепалды даярлық тобында 11 бала.
- Көкжота орта мектебінде 51 оқушыға 24 мұғалім білім берді.
Шағын орталықта 15 бала, мектепалды даярлық тобында 8 бала.
Биыл екі білім беру мекемесінде 14 оқушы сабақ бітірді, 3 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды. Аз қамтылған отбасынан шыққан 30 оқушы жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Мәдениет саласы
Бастаушы ауылдық округі бойынша Ұлыстың Ұлы күні - 22 наурыз мейрамына арналған "Әз Наурыз" атты мерекелік іс-шара кең көлемде аталып өтті. Бастаушы ауылы мешіт алаңында Ұлттық ойындар, гир көтеру, қаппен жарысу, қой көтеру, қол күрес, тай жарысы тағы басқа көптеген ойындар ұйымдастырылды. Спорттық ойындардың демеушісі "Нургазин" шаруа қожалығының басшысы Нургазин Тимур Тоқтарбекұлы.
Көкжота ауылында Наурыз мерекесі ат - спорт мектебінде «Наурыз- мерекем» атымен кең көлемде аталып өтті. Ұлттық ойындар, гир көтеру, қаппен жарысу, қол күрес тағы басқа көптеген ойындар ұйымдастырылды. Спорттық ойындардың демеушісі Көкжота ауылының тұрғындары мен ауыл тумалары.
Бастаушы ауылдық округі бойынша 27 мамыр күні Көкжота ауылы Жамбыл атындағы орта мектебінде 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер мен 2011-2012 жылы туған кіші жасөспірімдер, 2009-2010 жылы туған қыздар арасында облыстық ашық турнирі өтті. Жарысқа Риддер қаласы, Өскемен қаласы, Абай облысынан Көкпекті ауданы құрамалары, Самар ауданы және де Көкжота ауылының спортшылары 19 салмақ дәрежесі бойынша бақтарын сынады. Жарыстың демеушісі Көкжота ауылының тұрғындарымен ауыл тумалары. Көкжота орта мектебіне ДЗЮДО күресіне арналған татами (маты) ауыл азаматтары Ахмадиев Дарын және Мухамбетов Алтайдың демеушілігімен алынды.
Клуб үйінде 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған іс шара Бастаушы ауылдық округ әкімінің демеушілігімен ұйымдастырылды. Іс шараға Бастаушы, Көкжота ауылының қарт әже-аналары және ауыл тұрғындары шақырылды, мерекелік дастархан жайылып, концерттік бағдарлама қойылды
1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күні Бастаушы ауылының жанадан жасанды жабынды төселген футбол аланыңда аталып өтті. Ауыл азаматы, шаруа қожалығының басшысы Асқар Ахметкалиев демеушілік жасады.
Бастаушы ауылдық округі бойынша 1 Қазан - Халықаралық қарттар күніне орай әкімшіліктің ұйымдастыруымен мешіт қатымханасында "Қарттарым -асыл қазынам" атты мерекелік дастархан жайылды. Іс шараның демеушісі ауыл азаматы, "Кудайбергенов" шаруа қожалығының басшысы Кудайбергенов Ришат Картайұлы.
Қоғамдық ақылы жұмыстарға 4 тұрғын, «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы жастардан 1 адам тартылып, округті аббаттандыру, көріктендіру жұмыстарына жіберілді. Азаматтық ұстанымдары айқын жастар ауылдың қоғамдық өмірінде белсенділік танытады.
Бастаушы ауылдық мешіт үйіне, тұрғындармен ауыл тумалары тарапынан қолдау көрсетіліп, мешіттің от жағу қазандығы орнатылып, ішкі жылу жүйесі жүргізілді, отын, көмірге арналған сарай салынды, асхана бөлмесіне жабдықталған ыдыс сөресі және қуаты жоғары газ плитасы орнатылды. Ауыл тумаларының демеушілігімен қажетті жабдықтармен толықтырылып келеді.
Сонымен қатар Бастаушы ауылының футбол алаңына тұрғындармен ауыл тумаларының демеушілігімен жарық бағандары орнатылды.
Бастаушы ауылына кіреберіс арканың жазуы жаңартылып, жарықтандырылды демеушісі КХ «Нургазин».
Округтің қоғамдық саяси жағдайы тұрақты. Татулықты, бірлікті нығайту мақсатында және қоғамдағы құбылыстарға өзіндік принциптік пікірі бар ақсақалдар алқасы мен Әйелдер кеңесі белсене жұмыс жасайды. Ақсақалдар алқасы мен әйелдер кеңесі бірлесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың жыл сайынғы жолдауын талқылап, насихаттау, ауылда отбасының берекесін бұзушы азаматтарды тәртіпке шақыру, округте өтетін іс-шаралар жоспарын талқылау, спорт пен мәдениет жұмыстарын жандандыру туралы, ауылды көріктендіру жұмыстары туралы мәселелерді талқылайды.
"Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің" деген дана халық. Адам өміріндегі ең игі істердің бірі - мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Қарттар күнінде, 9 мамыр, Наурыз мерекесі қарсаңында округ әкімі ауыл ақсақалдарының және мүмкіндігі шектеулі жандардың қал- жағдайын біліп мерекемен құттықтап, сый-сыяпат жасайды. Қайырымдылық көрсеткен жеке кәсіпкерлер, «СГОП» ЖШС-і және «Аманат» партиясының аудандық филиалы.
Жастарға жөн сілтеп, ауыл өмірінің тыныс-тіршілігінен қалыс қалмай, отбасылық құндылықтарын сақтай біліп, игі істерге бағыт беретін: Габитов Шахарбек, Кангулова Гульжанат, Құдайбергенов Мұхаметқазы, Құдайбергенов Ришад, Ахметкалиев Аскар, Биназаров Есімхан, Бикатов Қанат, Нургазин Тимур және т.б сынды ауылдастарыма алғысымды білдіремін.
Абаттандыру
2023 жылы ауданның елді мекендерін абаттандыру бағдарламасы аясында ауданның елді мекендерін одан әрі абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, 2023 жылы абаттандыру бойынша жергілікті бюджеттен (500 мың теңге сомасына).
- Бастаушы ауылы Абай көшесін көріктендіру мақсатында жарық бағандарын әктеу, бояу жұмыстары жүргізілді.
- Бастаушы ауылының жергілікті бюджеттен (3,500,0 мың теңге) футбол алаңының жасанды жабындысы жанартылып, төсеу жұмыстары жүргізілді;
- Бастаушы -Көкжота тас жолына грейдерлеу жұмыстары жүргізілді;
- Көкжота ауылындағы медициналық пунктке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді,( сомасы 27 млн.тенге);
- Жарық бағандарына кедергі келтірген бұтақтарды кесу жұмыстары жүргізілді;
- Бастаушы ауылдық округі бойынша жарық бағандарының шамдары толық ауыстырылды ( 55 дана).
- Абай атындағы орта мектебінде шағын орталық толық жұмыс кестесіне ауысты.
- «Ауыл аманаты» жобасы арқылы мал шаруашылығын дамыту мақсатында 2.5 пайызбен жеке кәсіпкер Алмаш Бақырбаева өз ісін кеңейту мақсатында 14 бас ірі қара мал алса, ауыл тұрғыны Қанат Карменов 6 бас бұқа алды.
- Бастаушы ауылдық округінің есебіне қосымша 1500 га жайылымдық жер қайтарылды. ( Матақ учаскесі).
Аббаттандыру бойынша 2024 жылға жоспарланған жұмыстар:
1. Бастаушы ауылында жарық бағандарын орналастыру асфальттау жұмыстары жоспарымызда бар;
2. Бастаушы ауылының Абай, Ғәбдуали Раханов, Төле би, Рыскулов көшелерін асфальттау жұмыстары жоспарымызда бар;
3. Бастаушы ауылы дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарымызда бар;
4. Көкжота ауылында шағын футбол алаңын салу жоспарымызда бар;
5. Көкжота ауылында жарық бағандарын орналастыру жоспарымызда бар;
6.Көкжота ауылының Қабанбай, Жұбандық Болғанбаев көшелерін асфальттау жұмыстары жоспарымызда бар;
Бүгінгі таңда жоспарларған жұмыстардың жобалау сметалық құжаттары дайын, тиісті орындардан қаражат бөлінген соң, жұмыс жүргізуші мекемелермен келісім шарт жасалады.
Жұмыстарды көктемде жүргізу жоспарланып отыр.