
09 сәуір күні ауа-райының тез жылуы мен артынша жаңбырдың жаууы Аққала ауылының беткейіндегі қар суының ауылға кіру қаупін тудырды. Көмекке келген «Магистраль» ЖШС-нің экскаваторы су жүретін арықты кеңейтіп, жағасын көтеріп, суды өзенге бұру жұмыстарын жүргізді. «Сәтпаев кен-байыту кәсіпорны инертті материалдарды жеткізіп берді. Әкімдіктің, мектептің жұмыскерлері және ауыл тұрғындары арықты кеңейтті.