Аққала ауылдық округіндегі су тасқынына қарсы іс-шаралар

Аққала ауылдық округіндегі су тасқынына қарсы іс-шаралар

Аққала ауылдық округінде су тасқынына қарсы іс-шаралар ағымдағы жылдың қаңтар айында жер асты сулары көтеріліп, Аққала ауылына келе бастаған кезден бастау алды.. Төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесе отырып, тұрғын үйлерді су басудың алдын алу жұмыстары жүргізілді. Су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес, ауылдық округтің шаруашылықтарымен техника мен адамдарды беру жөнінде шарттар жасалды. Әлеуметтік желілерде ескерту бейнероликтері мен ақпараттар орналастырылды. Ақпан айынан бастап су өткізгіш құбырларды қардан тазарту жұмыстары басталды. Ауылдық округ тұрғындарымен үйдің жанындағы арықтарды тазарту туралы түсіндірме жұмыстары  өтті. Наурыз айының басында қардың қатты еруіне байланысты еріген сулар ауылдық округтің ауылдарына келе бастады. Тұрғын үйлерді су басудың алдын алуға "Бекзат"ЖК техникасымен көмектесуде.