2026 жылғы 17 қазанда Риддер қалалық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуге дайындық және сайлау комиссиялары мүшелерін оқыту жоспарын іске асыру шеңберінде Риддер қаласының аудандық сайлау комиссияларының төрағалары, төрағаларының орынбасарлары мен хатшылары үшін оқыту семинары өтті. Семинар барысында Риддер қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е. Агешкина сайлау процесін ұйымдастырудың практикалық аспектілеріне ерекше назар аудара отырып, сайлау заңнамасының өзекті мәселелерін егжей-тегжейлі қарастырды. Семинарға қатысушылар өз білімдерін тереңдетуге, өзекті мәселелерді талқылауға және алдағы сайлау науқанына кәсіби дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік алды.
Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушыларға сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері мен шарттарын жариялау туралы
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей, яғни 2026 жылғы 27 қазанға дейін, шарттық негізде ұсынылатын үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері мен шарттары туралы мәліметтерді жариялап, оларды аумақтық сайлау комиссиясына ұсынуға міндетті.
Эфир уақытын, баспа алаңын және ақпарат көлемін шарттық негізде ұсынатын бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері мен шарттары туралы мәліметтер жарияланғанға дейін партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың және бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға және таратуға құқылы емес.
Үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері мен шарттары туралы мәліметтерді мына электрондық пошта мекенжайына жолдауға болады: tic_alm_obl@saylau.kz.
Анықтама телефоны – 87714150691, Айдын Нұртайұлы Бексұлтанов.
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу:
төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
1) БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар мынадай тұлғаларға міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебінен белгіленген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері жүзеге асырылады:
Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтар бойынша зейнетақы төлемдерін жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына жетпей-ақ, яғни 50 жастан бастап алуға болады. Сонымен қатар ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдері мүгедектік тобына және оның белгіленген мерзіміне қарамастан, мүгедектігі бар адамдарға да беріледі. Бұл ретте төлемдерді алу кестесін салымшы өзі дербес белгілейді.
2) Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?
Кесте бойынша зейнетақы төлемдері мынадай тәртіппен есептеледі: төлемдерді алудың бірінші жылында зейнетақы жинақтарының сомасы 6,5% мөлшеріндегі зейнетақы жинақтарының төлем мөлшерлемесіне көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы төлемдерін индекстеудің 5% мөлшерлемесіне сәйкес ұлғайтылады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі – ЕТК) кемінде 70%-ын құрауға тиіс.
Алушылардың жекелеген санаттары үшін, атап айтқанда, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз белгіленген адамдарға, сондай-ақ зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеген, жинақтары жиынтығында кемінде 60 ай бойы төленген міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан адамдарға қатысты Әдістемеде ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыратын түзету коэффициенттері көзделген. Егер алушы жоғарыда аталған талаптардың бірнешеуіне бірдей сәйкес келсе, мәні ең жоғары түзету коэффициенті қолданылады.
55 жасқа толған және өздері үшін жиынтығында кемінде 84 ай бойы МКЗЖ төленген адамдарға зейнетақы төлемдерін есептеу және жүзеге асыру кезінде:
Айта кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері алушының зейнетақы жинақтары толық таусылғанға дейін жүзеге асырылады.
Егер БЖЗҚ-дан төлем жүзеге асырылатын күнгі зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаса, жинақтар біржолғы төлем түрінде беріледі.
3) Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?
Зейнет жасына толуына байланысты міндетті зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен базалық және ынтымақты зейнетақыны тағайындату үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) уақытылы жүгінуі қажет. Өтінішті зейнет жасына толғанға дейін 10 күн бұрын беруге болады. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің барлық түрі өтініш берілген күннен бастап жүзеге асырылады. Бұл ретте алушы зейнет жасына толған болса, ХҚКО-да өтініш пен қажетті құжаттар тіркелген күн өтініш берілген күн болып есептеледі. Ал егер өтініш зейнет жасына толғанға дейін берілсе, зейнет жасына толған күн өтініш берілген күн болып саналады. Мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақыны алу үшін уақытылы жүгінудің маңызы ерекше. Себебі оны тағайындау кезінде алушы ұсынған құжаттар негізінде еңбек өтілін тексеру қажет. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен зейнетақы төлемдері өмір бойы, ал БЖЗҚ-дан алушының зейнетақы жинақтары толық таусылғанға дейін жүзеге асырылады.
Естеріңізге сала кетейік, 50 жасқа толған немесе мүгедектігі бар адамдар ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған жинақтарын алу үшін БЖЗҚ-ның сайтындағы немесе мобильді қосымшасындағы жеке кабинет арқылы, сондай-ақ Қордың кеңсесіне барып өтініш бере алады.
4) Қандай жағдайларда ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері автоматты түрде тағайындалады?
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдері ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта және БЖЗҚ-ның зейнетақы қағидаларында айқындалған тәртіп пен талаптар бойынша жүзеге асырылады. Осыған байланысты 2026 жылғы наурыз айынан бастап зейнет жасына толған, БЖЗҚ-да ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар, бірақ бұған дейін 50 жасқа толуына немесе мүгедектігіне байланысты оларды алу үшін Қорға өтініш бермеген адамдарға ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін өтінішсіз тағайындау тәртібі енгізілді.
ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін (жинақтары болған жағдайда) өтінішсіз жүзеге асыру тәртібі мыналарды көздейді:
5) Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік мерзімсіз белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда жүгіну қажет?
Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз белгіленген адамдар зейнетақы жинақтарын алу үшін БЖЗҚ бөлімшелеріне жүгіне алады. Сондай-ақ Қордың ресми сайтындағы (enpf.kz) немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы жеке кабинет арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, өтініш беруге болады.
Назар аударыңыздар! БЖЗҚ-да бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз белгіленген адамдар үшін көшпелі қызмет көрсету ұйымдастырылған. Бұл ретте алдын ала кеңес беріледі, оның ішінде Қор қызметтерін маманның баруынсыз, қашықтан алу мүмкіндігі де тексеріледі.
6) БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін рәсімдеуге қажетті құжаттардың тізімімен қайдан танысуға болады?
БЖЗҚ-ның enpf.kz ресми сайтындағы «Қызметтер – Зейнетақы төлемдері» бөлімінде зейнетақы төлемінің түріне және құжаттарды ұсыну тәсіліне қарай қажетті құжаттардың тізбесі, оларды ресімдеуге қойылатын талаптар, өтініш бланкілері мен оларды толтыру үлгілері, сондай-ақ сенімхат үлгісі орналастырылған.
Сонымен қатар сайттың «Онлайн-сервистер» бөлімінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу үшін ұсынылатын құжаттарды алдын ала тексеру мүмкіндігі қарастырылған.
Сервистің атауы – «Төлемге арналған құжаттарды алдын ала тексеру»: https://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/checkdoc.php
Қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-дағы (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 қыркүйегіне 28,47 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсім – 3,36 трлн теңге немесе 13,4%.
2026 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналарынан (МЗЖ) қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі – 26,37 трлн теңге, 12 айда 2,53 трлн теңгеге немесе 10,6% өсті.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары 12 айда 5,0%-ға ұлғайып, 746,13 млрд теңге болды.
Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақ көлемі де ұлғайды: 2026 жылғы 1 қыркүйекке оның көлемі 10,43 млрд теңге болып, 12 айда 7,1% өсім көрсетті.
Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 12 ай ішінде 2,5 есеге ұлғайып, 2026 жылдың 1 қыркүйегіне 1 348,82 млрд теңге болды.
Түсімдер
Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2026 жылдың 8 айында салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 2 439,42 млрд теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 15,9%-ға (немесе 334,44 млрд теңгеге) артық.
МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін 1 865,85 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 8,1%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 100,97 млрд теңге (өсім – 12,3%), ЕЗЖ – 1412,37 млн теңге түсті. Жыл басынан бастап 01.09.2026ж. жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен жарналар 471,18 млрд теңгені құрады.
Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына түскен таза инвестициялық кіріс 01.09.2026ж. жағдай бойынша 1198,09 млрд теңгені құрады.
Төлемдер мен аударымдар
2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 1242,35 млрд теңгені құрады.
Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 196,23 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 39 008 теңге.
2026 жылдың басынан бастап 01.09.2026 жылға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) 462,75 млрд теңге, мұрагерлік бойынша 70,61 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 33,62 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 2,32 млрд теңге, жерлеуге – 6,33 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 470,49 млрд теңге аударылды.
ЖЗШ саны
2026 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 19,01 млн бірлік (12 айдағы өсім – 1,13 млн бірлік немесе 6,3%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 қыркүйегінде 12,87 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,42 млн - МЗЖ бойынша, 794,38 мыңы - МКЗЖ бойынша, 464,91 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар. Айта кетейік, МЗЖ есебі жүргізілетін шоттардың жалпы санына (11,42 млн бірлік) елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинақтарын алу үшін жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарын мұраға ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2016 жылдан бастап зейнетақымен мемлекеттік қамсыздандырылуға толық ауыстырылған әскери қызметшілердің және шоттарына Қазақстан заңнамасына сәйкес жарналар түспеуі тиіс салымшылардың (алушылардың) басқа да санаттарының шоттары кіреді.
БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 6,14 млн бірлік.
Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
Расул Рысмамбетов, қаржыгер, «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры:
«Егер адам қарттық шағына қаражат жинамаса, мемлекет қалай да бір амалын тауып, «тегін қияр мен қызанақ» беретініне кәміл сенсе, қатты қателеседі, өкінішке орай… Өзіміз үшін тек өзіміз ғана жинақтай аламыз».
«БЖЗҚ» АҚ «Зейнетақы жүйесі туралы сұхбат» жобасы аясында сарапшылармен пікір алмасу сериясын жалғастыруда.
Алғаш зейнетақыны кім ойлап тапты? БЖЗҚ-ның негізгі міндеттері қандай болуы тиіс? Салымшыларға өз жинақтарын шешіп алу мүмкіндігін беру дұрыс па? Атақты мысалдағы «Құмырсқа» кім, «Инелік» кім?
Бүгінгі кезекті эксклюзивті сұхбатымызда қаржыгер, «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры Расул Рысмамбетов Қазақстандағы болашақ зейнеткерлердің мәселелері туралы жеке қарым-қатынас тәжірибесіне сүйене отырып баяндап, олардың болашақ перспективалары жөнінде өз пікірімен бөлісті.
Сұхбатты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасынан көріңіз!
https://youtu.be/Dy76WU-qFrs?si=CocIIq7U4J0rv1SZ
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қызықты әрі пайдалы ақпарат алу үшін БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасына жазылыңыз!
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).