
"Заң кабинеті" - әрбір азамат қажетті құқықтық ақпаратты (тегін заң көмегін) ала алатын орын.
Бұл тұрғындарға заңгерлік көмек пен құқықтық ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді, осылайша қала тұрғындары заңнаманы өз бетінше зерттей алады.
"Құқық кабинеті" әкімдік ғимаратындағы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының базасында жұмыс істейді.Жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағат 9.00 - ден 18.30-ға дейін, Семенов 19 мекенжайы бойынша.
Кабинет қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін "Әділет" ЖЗШ, "Заң" ДБ қолжетімділігі, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне (е-otinish, egov, "Ашық НҚА" порталы және т.б.) қолжетімділігі бар компьютерлермен (принтер, телефон, веб-камера) жабдықталған.
Сұрақтар туындаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің қызметкерлеріне жүгіне алады немесе 1414 байланыс орталығына қоңырау шала алады.