
Шығыс Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидрометтің» ақпараты бойынша 22 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын - жаңбыр, қар. Облысының солтүстігінде, шығысында қатты қар жауады. Бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. 23 қаңтарда ауа температурасы түнде 15-20, облыстың шығысында 25-30 градус аязға дейін күрт төмендейді, ары қарай төмендеуі күтіледі.
Осыған байланысты азаматтарға елді мекендерден тыс жерлерге барудан бас тарту ұсынылады.
Егер шығу қажет болса, автожолдардың жай-күйін нақтылаңыз. Көлікті жолға дайындаңыз. Өзіңізбен бірге байланыс құралдарын, зарядтағыш құралдарды және оларға қосалқы батареяларды алыңыз. Азық-түлік, сіріңке және жылы киім, қол шамы, сондай-ақ жол бойындағы кафелерде толтыруға болатын ыстық шай термосын қосымша алыңыз. Толық бакқа бензин құйып, қосымша бензин құйылатын ыдыс алыңыз.
Маршрут бойынша жүру кезінде жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін сақтаңыз. Ауа-райы нашарлаған кезде, ауа-райын күту үшін елді мекендерге, жанармай құю станцияларына, жол бойындағы кафелерге жақын жерде тоқтауға тырысыңыз. Бұл туралы туыстарыңызға және жақындарыңызға хабарлауды ұмытпаңыз.
Желдің қатты екпінінен тез арада ғимаратқа тығылыңыз, желден үй қабырғаларында, аялдамаларда, жарнама тақтайшалардың жанында, ағаштардың астында тығылмаңыз.Үзілген сымдар мен тербелмелі маңдайшаларға жақындамаңыз. Автокөлікті шіріген, ескі және жалғыз тұрған ағаштардың жанында қалдырмаңыз.
Қатты аязда қажеттілік болмаса, үйден шықпауға тырысыңыз, бірақ шыққан кезде жылы және қалың киініңіз. Автокөлікті күтіп ұзақ тұрмаңыз.
Пештерді жиі жағыңыз, бірақ ұзақтығы 1,5 сағаттан аспайтын болсын. Алайда шектен тыс қыздырмаңыз. Ұйқы жатқанша 2 сағат бұрын пешті жағуды тоқтатыңыз, отын толығымен жанғанша қақпақты жаппаңыз. Тұрғын үйді қосымша жылытатын болсаңыз электр жылытқыштарының өрт жағдайына назар аударыңыз.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарлаңыз.