«Менің Қазақстаным – менің болашағым»

«Менің Қазақстаным – менің болашағым»

Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері бастауыш сынып оқушылары арасында «Менің Қазақстаным – менің болашағым» атты сұрақ-жауап ойынын өткізді. Іс-шара туған елге деген қызығушылықты дамытуға, Қазақстанның, оның мәдениеті, табиғи және тарихи ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдетуге бағытталған. Сұрақ-жауап ойыны достық, өзара түсіністік және шығармашылық атмосферада өтті. Балалар туған елі туралы көп мәлімет біліп қана қоймай, тапсырмаларды орындауға жауапкершілікпен қарай отырып, белсенділік танытты. Патриоттық рух, Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне деген құрмет балалардың сөйлеген сөздерінде айқын білінді, бұл өз Отанымен мақтанатын болашақ ұрпақты дамытудың кепілі болып табылады.