Цифрлық сауаттылық бойынша бейне сабақтар

Цифрлық сауаттылық бойынша бейне сабақтар

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметі экономика мен әлеуметтік саланы цифрландыруға үлкен көңіл бөліп отыр. Осы мақсатпен "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы әзірленді, оның шеңберінде халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін 2021 жылға қарай 81,5% - ға, 2022 жылға қарай 83% - ға жеткізу жоспарланып отыр. Осыған байланысты цифрлық сауаттылықты қашықтықтан оқыту үшін портал әзірленді digitalkz.kz 5 оқу бағдарламасы бойынша оқыту роликтері орналастырылған:
1. "Ашық үкімет»,
2. "Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер»,
3. "Электрондық сауда-саттық»,
4. "Негізгі сандық дағдылар".
5. "Ақпараттық қауіпсіздік дағдылары".
Оқудан өту үшін "цифрлық сауаттылық бойынша бейнесабақтар" бөліміне өтіп, авторизациядан өту қажет.

Сіздерді оқуға қатысуға шақырамыз!